Intel компаниясы Xeon 6+ процессорлары, желілік шешімдер және ЖИ-жүйелері негізінде агенттік ЖИ технологияларын енгізуде
Intel дата-орталықтарға, желілерге және перифериялық есептеулерге арналған ЖИ-платформаларының мүмкіндіктерін кеңейтуде. Компания агенттік ЖИ дәуірінде неліктен дәл орталық процессордың (CPU) деректерді оркестрациялауда (үйлестіруде), ауқымдауда және тасымалдауда басты рөл атқаратынын айқын көрсетіп отыр.
Тайбэй — 2026 жылғы 1 маусым — Intel компаниясы дата-орталықтарға арналған ЖИ саласындағы бірқатар маңызды жетістіктерін жариялады. Негізгі анонстардың қатарында — жаңа Intel Xeon 6+ процессорлары, 800-сериялы Ethernet-шешімдер желісінің кеңеюі (соның ішінде Intel Ethernet E835 контроллерлері мен желілік адаптерлері), сондай-ақ Crescent Island жобасының жаңартылуын қоса алғанда, ЖИ үдеткіштерін әзірлеудегі ілгерілеушілік бар.
Бұл жаңалықтардың барлығы нарықтағы айқын трендті көрсетеді: жасанды интеллект технологиялары көбірек агенттік сипатқа ие болған сайын (ЖИ-агенттері ретінде дербес әрекет етуге қабілетті), CPU қазіргі заманғы ЖИ-инфраструктурасында қайтадан негізгі орынға шығуда. Xeon-ды негізгі басқару деңгейі (control plane) ретінде қолдана отырып, Intel есептеулердің өнімділігі мен тиімділігін арттыруға жүйелі түрде көңіл бөлуде. Бұл дата-орталықтарда да, желілік орталарда да жүйелердің үйлесімді жұмысы, деректерді жылдам тасымалдау және нейрожелілердің тұрақты жұмыс жылдамдығы (inference) өте маңызды болатын агенттік ЖИ-дің күрделі міндеттеріне арнайы оңтайландырылған платформаларды жасауға мүмкіндік береді.
«ЖИ-ді жай ғана бөлек компоненттердің жиынтығы ретінде ауқымдау мүмкін емес — ол біртұтас, нақты үйлестірілген жүйе ретінде дамуы керек», — деп атап өтті Intel Data Center Group атқарушы вице-президенті әрі бас менеджері Кеворк Кечичян (Kevork Kechichan).
Intel Xeon 6+ процессорларын таныстыру
Intel Xeon 6+ процессорлары Xeon 6 желісін одан әрі кеңейтеді. Олар өнімділіктің максималды тығыздығына, энергия тиімділіге және ауқымдау икемділігіне баса назар аудара отырып әзірленген. Жаңа өнімдер бұлттық (cloud-native) ЖИ-платформаларына, көп ресурсты қажет ететін желілік тапсырмаларға және ЖИ-агенттеріне негізделген архитектураларға бағытталған.
Серверлік CPU-ларда алғаш рет қолданылып отырған озық Intel 18A технологиялық процесі негізінде жобаланған Xeon 6+ процессорлары қуат көзіне қатысты қатаң шектеулер болған жағдайда да тұрақты өнімділікті қамтамасыз етеді. Олар агенттік ЖИ-дің жаңа буынына тән оркестрациялауға, тапсырмаларды параллельді өңдеуге және деректер алмасуға қойылатын жоғары талаптарды мүлтіксіз орындайды.
Процессорлар бір серверлік тірекке шаққандағы энергия тұтыну, бір ядроның өткізу қабілеті және кідірістердің болжамды деңгейі сияқты параметрлер өте маңызды орталар үшін оңтайландырылған. Xeon 6+ тиімді көлденең (горизонталды) ауқымдауға баса мән береді, бұл деректер орталығының (ДӨО) инфрақұрылымын қымбат әрі түбегейлі қайта құрусыз-ақ жаңа ЖИ жүктемелерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары:
- 288-ге дейін энергия тиімді ядролар (Efficient-cores): алдыңғы буынмен салыстырғанда өнімділікті 2,5 есеге дейін арттыруды қамтамасыз етеді және бір ваттқа шаққандағы ағын өнімділігі бойынша бәсекелестерден 45%-ға дейін асып түседі. Бұл бұлттық, телекоммуникациялық және агенттік ЖИ жүйелерінде қаламат жылдам жауап қайтаруды және жоғары параллелизацияны кепілдендіреді.
- 12 арналы DDR5 жады: жоғары тығыздықтағы есептеу жүйелеріне қажетті ауқымдалатын өткізу қабілетіне ие.
- 96 PCIe Gen 5 желісі және CXL қолдауы: гетерогенді (аралас) ЖИ-инфраструктуралары ішінде деректердің тасымалдануын айтарлықтай жылдамдатады.
- Intel Application Energy Telemetry (AET) технологиясы: Xeon 6+ сериясынан бастап, нақты қосымшалар мен жұмыс тапсырмалары деңгейінде процессордың қуат тұтынуын және белсенділігін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
- Серверлерді 9:1 қатынасына дейін консолидациялау (біріктіру): 2-ші буындағы Intel Xeon процессорларымен салыстырғанда дата-орталықтағы бос орынды айтарлықтай үнемдейді және иелік етудің жалпы құнын (TCO) төмендетеді.
- Аппараттық қауіпсіздік: кристалл деңгейіне ендірілген Intel SGX және Intel TDX технологиялары құпия және көпжалгерлі (multi-tenant) бұлттық орталарда деректерді сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Intel Xeon 6+ процессорлары телекоммуникациялық инфрақұрылымдарда сынақтан өтіп, дайын серверлік шешімдерге біріктірілуде. Компанияның бүкіл әлемдегі серіктестері жаңа чиптер негізінде ЖИ-платформаларын белсенді түрде жасап жатыр. Xeon 6+ негізінде серверлер, желілік жабдықтар мен кешенді шешімдерді әзірлейтін IT-өндірушілердің қатарында ASUS, Dell Technologies, Ericsson, GIGABYTE, HPE, Lenovo, Supermicro және басқа да технологиялық көшбасшылар бар.