АСБИС Қазақстан Apple компаниясының B2B серіктестеріне арналған жаңа Apple Business Partner Program бағдарламасын іске қосады

Apple компаниясының уәкілетті дистрибьюторы АСБИС Қазақстан 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Apple Business Partner Program бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама Apple өнімдерін корпоративтік тапсырыс берушілер мен білім беру мекемелеріне сататын B2B серіктестерге ғана арналған. Бағдарламаның мақсаты — серіктестердің Apple өнімдерін B2B сегментінде сатудан түсетін табысын арттыру. Сатып алу көлемі ұлғайған сайын серіктестерге берілетін артықшылықтар да, бизнесті дамыту мүмкіндіктері де көбейеді.

Серіктестерге берілетін төрт мәртебе

Серіктестің мәртебесі B2B жобаларына қажетті Apple өнімдерін АСБИС Қазақстан арқылы бір жылда қанша сомаға сатып алғанына қарай белгіленеді.

Self-service $100 000-ға дейін
Managed $100 000 – 500 000
Authorized $500 000 – 2 000 000
Elite $2 000 000-нан астам

Бастапқы мәртебе Apple қаржы күнтізбесі бойынша соңғы төрт тоқсандағы сатып алу нәтижелеріне қарай автоматты түрде беріледі. Кейін мәртебе жарты жылда бір рет қайта қаралады.

B2B серіктестерге арналған артықшылықтар

Сату көлеміне қарай берілетін ребейттер
Mac, iPad, iPhone және аксессуарларды сатқаны үшін 2%-ға дейінгі ребейт, сондай-ақ Authorized және Elite мәртебесі бар серіктестерге 1% маркетингтік ребейт.
Корпоративтік жобалар үшін бонустар
•жаңа B2B клиент үшін 1% (бір тоқсандағы сатып алу сомасы кемінде $50 000 болғанда)
•компанияның Windows-тан Mac-қа көшуіне көмектескені үшін $2 000-нан $5 000-ға дейін
•білім беру мекемелеріне өнім сатқаны үшін 3%-ға дейін
•Trade-in бағдарламасы бойынша 6%
Тәжірибе бөліскені үшін сыйақы
B2B клиенттерде Apple өнімдерін сәтті енгізу тәжірибесі туралы жарияланған материалдар үшін жылына $6 000-ға дейін.
Жобаларды қорғау
Мәмілелерді тіркеу бағдарламасы, сондай-ақ корпоративтік сату менеджерлеріне арналған ынталандыру бағдарламалары.
Сатуға қолдау көрсету
•тапсырыс берушілердің пилоттық жобаларда сынап көруіне арналған MacBook және iPad құрылғылары
•сатуға дейін техникалық кеңес беретін АСБИС Қазақстан инженерлерінің көмегі
•Apple ұсынатын әлеуетті корпоративтік клиенттер туралы мәліметтерге қол жеткізу
•құрылғыларды қолмен баптауды қажет етпей іске қосуға (zero-touch) және оларды қашықтан басқаруға арналған Apple Business сервистері
•Apple B2B тренері өткізетін оқыту және сертификаттау

Белгіленген мақсаттардың орындалу барысы серіктестер порталында ай сайын көрсетіледі. Ребейттер тоқсан қорытындысы бойынша есептеліп, келесі сатып алулардың ақысын өтеуге пайдаланылатын кредит-ноталар түрінде беріледі.

Айгерім Мейрамбек

«Корпоративтік нарық — Apple компаниясының негізгі өсу бағыттарының бірі. Біз осы нарықта серіктестерімізбен бірге дамуды көздейміз. Бағдарламаны әрбір B2B серіктес қанша табыс таба алатынын және келесі деңгейге өту үшін не істеу керегін нақты білетіндей етіп әзірледік. Бағдарлама түсінікті шарттарды, жобалар үшін ақшалай сыйақыны және мәміленің әр кезеңінде қолдауды ұсынады».

Айгерім МейрамбекАСБИС Қазақстан компаниясының Apple B2B департаментінің басшысы

Apple компаниясының B2B серіктестеріне арналған бағдарламаның толық шарттары қоса берілген PDF файлында көрсетілген. Бастапқы мәртебеңізді білу немесе сұрақ қою үшін мына мекенжайға жазыңыз: apple.b2b@asbis.kz.

Бағдарлама шарттарын жүктеу (PDF)