АСБИС EMEA өңірінде Mobvoi TicNote сатылымын бастайды — жазбалармен жұмыс істеуге арналған сіздің AI-көмекшіңіз
Кәсіпкерлер, дәрігерлер, заңгерлер, студенттер — әрбір кездесуде немесе дәрісте ең маңыздысын тез арада жазып алуыңыз керек. Кейіннен ол ойлар ұмытылмай тұрғанда, оларды жүйелеп, деректер базасына, CRM-ге немесе блокнотқа көшіру қажет. Бұл жұмыстарға отбасыңызға немесе маңызды істерге арнауға болатын сағаттарыңыз кетеді.
Шешім бір сөзбен айтқанда — TicNote. Бұл құрылғы аудионы жазып алады, оны лезде мәтінге айналдырады және ақпаратты жүйелейді. Барлық деректер сенімді сақталады, оларды өңдеу немесе әріптестерге жіберу өте оңай.
EMEA өңіріндегі (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) IT-өнімдері мен шешімдерінің жетекші VAD-дистрибьюторы АСБИС, сөйлеуді тану, табиғи тілді өңдеу және AI-шешімдеріне мамандандырылған инновациялық технологиялық компания — Mobvoi-мен серіктестіктің басталғанын жариялады. Бұл ынтымақтастық АСБИС-тің өңірдегі 42 елдегі AI-шешімдер портфелін айтарлықтай кеңейтеді.
Уақыт — ақша, ал TicNote жылына кемінде 200 сағатты үнемдеуге көмектеседі. Құрылғы дауысты 120 тілде жазып алып, оны лезде аударады және кездесулердің қысқаша түйіндемесін (резюмесін) жасайды. Кірістірілген AI-агент жазбаларды қолданба немесе веб-интерфейс арқылы тиімді талдауға мүмкіндік береді (мысалы: «Mobvoi-мен өткен үш кездесуде не туралы келістік?» деген сұраққа жауап бере отырып). TicNote-тың AI-агенті әлемдік жетекші модельдермен — ChatGPT, Claude, Grok және Gemini-мен біріктірілген: өзіңізге ыңғайлысын таңдап, олардың жауаптарын салыстырыңыз.
TicNote — салмағы небәрі 29 грамм және өлшемі банк картасындай ғана жеңіл әрі ықшам гаджет. Ол әмиянға оңай сыяды немесе смартфонға бекітіледі. Көлемі кішкентай болғанына қарамастан, аккумуляторы 25 сағаттық үздіксіз жазбаға жетеді — бұл ұзақ келіссөздер мен дәрістер үшін өте қолайлы. Үш заманауи MEMS-микрофоны дыбысты дәл ұстап алуды қамтамасыз етеді, ал AI негізіндегі шуды басу технологиясы спикердің дауысына назар аудара отырып, артық дыбыстарды бөгеп тастайды. Ішкі жадының көлемі 430 сағаттан астам аудионы сақтауға мүмкіндік береді, ал шектеусіз бұлттық қойма бос орын туралы уайымдаудан арылтады.
Мұндай озық қадам АСБИС-тің өңірдегі инновациялық AI-шешімдерінің ауқымы мен ықпалын кеңейтуге деген ұмтылысын айқындайды. Mobvoi-мен ынтымақтастық компанияның жоғары технологиялық құрылғылар дистрибуциясындағы көшбасшылық орнын нығайтады. TicNote AI технологияларын бизнес пен жеке мамандар үшін қолжетімді етіп, олардың уақыты мен ресурстарын үнемдейді. Кәсіпкерлер, менеджерлер, заңгерлер мен оқытушылар — олардың барлығы TicNote-ты дәл қазір иеленгісі келеді.
«TicNote-ты EMEA нарығына шығару — Mobvoi үшін маңызды кезең», — деп атап өтті Mobvoi компаниясының сату жөніндегі вице-президенті Фуцян Се. — «АСБИС-пен серіктестіктің арқасында біз жазбалармен жұмыс істеуге арналған кәсіби құралдарды кең ауқымда қолжетімді етеміз. Біздің мақсатымыз қарапайым: күнделікті қайталанатын жұмысты жасанды интеллектке тапсырып, адамдарға негізгі идеяларға, шешімдерге және қарым-қатынастарға көңіл бөлуге көмектесу».
«Біз Mobvoi-мен серіктестіктің басталғанына қуаныштымыз, өйткені бұл біздің адамдардың заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін технологияларды ұсыну туралы көзқарасымызбен толық сәйкес келеді. Біз қазірдің өзінде жұмыс тиімділігі мен өмір сүру сапасын арттыру үшін кіші қызметкерлерден бастап топ-менеджментке дейінгі бүкіл сату тобымызды TicNote құрылғыларымен қамтамасыз еттік. Бұл клиенттермен және серіктестермен өзара іс-қимылды жеделдетеді. Біз басты құндылықтарға — уақыт пен адамдар арасындағы қарым-қатынасқа назар аударамыз», — деп түсіндірді АСБИС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Йозеф Сакс.
Mobvoi компаниясы туралы
Mobvoi — сөйлеуді тану, табиғи тілді түсіну және вертикалды іздеу саласындағы жеке әзірлемелері бар инновациялық технологиялық компания. Компания күнделікті өмірге жасанды интеллектті (AI) енгізе отырып, интеграцияланған бағдарламалық-аппараттық шешімдерді жасайды. Оның портфеліне TicWatch смарт-сағаттар желісі және ақпаратпен жұмыс істеу тәсілін өзгертетін TicNote AI-диктофоны кіреді. Компанияның акциялары Гонконг қор биржасында сатылады (HKEX: 02438). Mobvoi күнделікті жұмыс процестеріне арналған тиімді ИИ-өнімдері арқылы адам мен машинаның өзара әрекеттесуінің жаңа буынын қалыптастыруға ұмтылады.