Вебинар «Ақылды VAS қызметтері телеком-бизнес табысының кілті ретінде: жаңа мүмкіндіктерді ашу және пайданы арттыру»‎

ASBIS және Aipix сізді 18 сәуірде сағат 15.00-де (UTC +5) Zoom жүйесінде (онлайн) өтетін « Ақылды VAS қызметтері телеком-бизнес табысының кілті ретінде: жаңа мүмкіндіктерді ашу және пайданы арттыру» онлайн вебинарына шақырады. Бизнесіңіздің өсу әлеуетін ашу және керемет сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігін алу үшін бізге қосылыңыз. 

«Телекоммуникация саласы: даму тенденциялары мен бағыттары» атты зерттеу тақырыбына сауалнаманы толтыруыдыңызды сұраймыз. Сіздің жауаптарыңыз біз үшін өте құнды, өйткені олар телекоммуникация саласының қазіргі жағдайын жақсырақ түсінуге және шешімдерімізді жақсартуға көмектеседі.

Спикерлер:

  • Наталья Кулешова, коммерциялық директор, Aipix 
  • Константин Бонк, аймақтық сату директоры, Aipix
  • Бахтияр Юсупов, бизнесті дамыту менеджері, ASBIS

Вебинар бағдарламасы:

  • Кіріспе сөз:
  • Бірінші баяндама. Наталья Кулешова мен Константин Бонк сізге әлеуетті пайдалы VAS қызметтері (Value Added Services) және олардың телекоммуникациялық бизнес үшін ұсынатын перспективалары туралы айтып береді. Олар сондай-ақ Aipix Telecom Platform негізінде VAS қызметтерінің экожүйесін дамытудың инновациялық шешімін ұсынады;
  • Бірінші баяндама бойынша сұрақ-жауап сессиясы;
  • Екінші баяндама: Бақтияр Юсупов қауіпсіздік жүйелері саласындағы кешенді шешімдерді ілгерілету стратегиясын ұсынып, жетекші қытайлық өндірушілердің перифериялық және серверлік шешімдерінің сипаттамалары мен мүмкіндіктерін таныстырады. Ол сондай-ақ INCORESOFT және Vortex компаниялары ұсынған аналитикалық декодер модульдерінің бірегей мүмкіндіктері туралы айтады;
  • Екінші баяндама бойынша сұрақ-жауап сессиясы;
  • Ұтыс ойындары;

Ұтыс ойындары:

Вебинарға қатысушылар арасында Aipix бірегей тауарларының үш пакетіне ұтыс ойыны өтеді.

Іс-шара аяқталды!